Ресей Meta компаниясын «экстремистік және террористік ұйымдар» тізіміне енгізді

Автор: Azattyq Rýhy

Ресейлік шенеуніктері бұл шектеулер WhatsApp мессенджеріне қатысы жоқ деп отыр

Фото: ашық дереккөзден

Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріне, сондай-ақ Whats App мессенджеріне иелік ететін Марк Цукербергтің Meta компаниясын "экстремистік және террористік ұйымдардың" қатарына енгізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy golosameriki.com-ға сілтеме жасап.

Росфинмониторингтің бұл тізіліміне "оларға қатысты экстремистік қызметке немесе терроризмге қатысы бар ұйымдар мен жеке тұлғалар" кіреді. Meta - бұл тізімге енген алғашқы американдық қоғамдық компания.

Ресей прокуратурасы Meta-ны экстремистік ұйым деп тану туралы сот ісін 11 наурызда бастады, ал 21 наурызда Мәскеудегі Тверь соты бұл шешімді жариялады және Ресейдегі Meta қызметіне тыйым салды. Компания өзінің платформаларында ресейлік сарбаздарды өлтіруге шақырулар болды деп айыптады. Маусым айында сот Meta-ның Ресейдегі "экстремистік қызметке" кінәлі деп тану туралы шешіміне шағымданудан бас тартты. Сотта компанияның адвокаты Meta экстремистік қызметпен айналыспайтынын және руссофобияға қарсы екенін айтты.

Сонымен қатар, Facebook Ресейде 4 наурыздан бастап, ал Instagram 14 наурыздан бастап техникалық түрде бұғатталған.

Ресейлік шенеуніктер Meta-ны "экстремистік" деп тану және онымен байланысты шектеулер оның WhatsApp хабар алмасу қызметіне қолданылмайды деп үнемі айтады.

Facebook пен Instagram логотиптерін немесе осы желілердегі жарнамаларды орналастыру Ресейдің Қылмыстық кодексіне сәйкес заңсыз деп танылуы мүмкін екенін ескертті.