12.10.2022, 10:37
Жаңалықтар
Букингем сарайы Чарльз III-тің таққа қашан отыратынын жариялады
Көктемде Кентербери архиепископы Вестминстер аббаттығында рәсімді өткізеді
Фото: © REUTERS/Henry Nicholls
Ұлыбритания королі Чарльз III-тің тәж кию рәсімі 2023 жылдың 6 мамырында өтеді, деп хабарлады Azattyq Ruhy Korrespondent.net-ке сілтеме жасап.
«Букингем сарайы мәртебелі Корольдің таққа отыру рәсімі 2023 жылдың 6 мамырында, яғни сенбіде өтетінін хабарлайды», - делінген хабарламада.
Рәсімді Кентербери архиепископы Вестминстер аббаттығында жүргізеді. Сонымен бірге Королева Консорт Камилла Чарльз III-пен бірге тәж киеді.
Еске салайық, Ұлыбритания патшайымы Елизавета II 8 қыркүйекте шотландиялық Балморал сарайында 96 жасында қайтыс болды.
10 қыркүйекте мұрагерлік кеңес оның ұлын Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің жаңа монархы Чарльз III деп жариялады.
Көп оқылған
18.09.2026, 06:30
Ақтауда барда демалып отырған ер адамға оқ атқан: қылмыскер бес жыл арқалап кетті (ВИДЕО)
18.09.2026, 11:55
«Бәріне ортақ лифтіні меншіктеп алған»: Астанада 78 жастағы қария «Әділет» партиясына жүгініп, мәселесін шешті
18.09.2026, 09:59
Көшеде тұрған бозбаланы атып, өлтіріп кеткен: Түркістанда алты адам ұзақ жылға сотталып кетті
18.09.2026, 11:50
Қазақстан тарихында ең ыстық жаз биыл болды