Украинада қазақстандықтар үшін жедел желі жұмыс істеп тұр
Жедел желінің номері +380 67 347 0408
Қазіргі уақытта Украинадағы Қазақстан елшілігінде жедел желі жұмыс істеп тұр. Бұл туралы Azattyq Ruhy 24.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Таңнан бері жедел желіге 100-ге жуық қоңырау түскен екен.
«Мүмкіндігінше Қазақстан азаматтарына Украина аумағынан кетуге немесе қауіпсіз жерге орналасуға кеңес береміз. Дабыл ескертулерге мән беріп, сақ болуға шақырамыз», - дейді Украинадағы Қазақстан елшісі Дархан Қалетаев елші.
Қолда бар ақпаратқа сәйкес, Украинада қазір 600-ге жуық Қазақстан азаматы бар. Дүмпу Қазақстан елшілігінен алыс жерде болған. Бұдан бөлек елшінің сөзінше, шаһарда байланыс нашар және кей аудандарда жарық сөнген. Егер эвакуация болған жағдайда елшілік Польша арқылы Украинадан шығуға жоспар құрып отыр.
Жедел желі: +380 67 347 0408