$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда далада түнеп жүрген студенттерге көмек берілетін болды

Ғылым және жоғары білім министрлігі студенттер үшін арнайы жедел штаб пен бірыңғай байланыс орталығын ашты

Алматыда далада түнеп жүрген студенттерге көмек берілетін болды
фото: әлеуметтік желіден

Әлеуметтік желілерде Алматыдағы студенттердің «далада түнеп жүргені» жайлы бейнеролик тарады. Ғылым және жоғары білім министрлігі бейнеролик авторы және оқиға куәгерлерінің ведомствоға хабарласуын сұрайды. Қажет болған жағдайда ол студенттерге көмек көрсетіледі. Бұл туралы Azattyq Ruhy Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Министрлік өкілдері басқа өңірлерде бұндай жағдай тіркелмегенін атап көрсетті.

«Алматыда қиын жағдайға тап болған студенттерге арналған арнайы жедел штаб жұмыс істейді. Баспанамен қамту бойынша студенттер тәулік бойы 8 778 655 60 83 байланыс телефонына хабарласа алады. Бұдан бөлек Ғылым және жоғары білім министрлігінің  1450 бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейді», - деп көрсетті ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, Әділет министрлігінің тұрғын үйді жалға алу мәселелері бойынша тегін заңгерлік кеңес беретін 119 (қалалық телефон) немесе 58-00-58 байланыс номеріне хабарласуға болады (Алматы, Астана).

Еліміздегі барлық жоғары оқу орындарында қоғамдық қабылдау кеңселері ашылған. Ол жерге студенттер, олардың ата-аналары мен оқытушылар жүгіне алады.  

Серіктес жаңалықтары