$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Беларусь елінде бағаны өсіргендерге қатысты қылмыстық іс қозғалып жатыр

А.Лукашенко 6 қазаннан бастап азық-түлік бағасын өсіруге тыйым салды

Беларусь елінде бағаны өсіргендерге қатысты қылмыстық іс қозғалып жатыр
фото: РИА Новости

Беларусь құқыққорғау органдары азық-түлік бағасын өсіргендерге қатысты қылмыстық іс қозғап жатыр.  Бұл туралы Azattyq Ruhy РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекеттік бақылау комитетінің қызметкерлері Лида қаласындағы дүкендердің бірінде шұжық 6 қазанда көрсетілген бағадан қымбатқа сатылғанын анықтады. Могилевская облысында да осындай факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Беларусь Президенті Александр Лукашенко 6 қазан күні үкімет мүшелерінің қатысуымен кеңес өткізіп, шарықтаған баға мен ағымдағы инфляция деңгейін сынға алған болатын. Сонымен қатар ол 6 қазаннан бастап бағаны өсіруге тыйым салды және республикада тауар тапшылығы болмайтынына кепілдік беретінін айтты.

Серіктес жаңалықтары