08.10.2022, 11:37
Жаңалықтар
Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын демаркациялау жөніндегі комиссия отырысы өтті
Комиссияның келесі отырысы Ресейде өтеді
фото: www.gov.kz
2022 жылғы 3-7 қазанда Алматы қаласында Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының жүз жиырма екінші отырысы өтті, деп хабарлайды, Azattyq Rýhy.
«Тараптар Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын қарастыруды және бекітуді жалғастырды, 2023 жылға арналған камералдық жұмыстар жоспарын бекітті, сондай-ақ алдағы жылы далалық жұмыстар жоспарын талқылады», - деп көрсетті ҚР Сыртқы істер министрлігі.
Комиссияның келесі отырысы 2022 жылдың қарашасында Ресей Федерациясының аумағында өтеді.
Көп оқылған
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды