Бақыт Сұлтанов жаңа қызметке тағайындалды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол Мемлекет басшысының жарлығымен Сауда және интеграция министрі қызметінен босатылған болатын

Фото: ашық дереккөзден

Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің шешімі бойынша Бақыт Сұлтанов Еуразиялық экономикалық комиссия Коллегиясының мүшелігіне тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.   

«Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің 6 қазандағы шешімі бойынша Бақыт Сұлтанов Қазақстан Республикасынан Еуразиялық экономикалық комиссия Коллегиясының жаңа мүшесі (Министрі) болып тағайындалды. Оның құзыретіне Еуразиялық экономикалық одақтың трансшекаралық нарықтарындағы бәсекелестік және антимонополиялық реттеу мәселелері кіреді», - делінген ұйымның баспасөз хабарламасында.

Бақыт Сұлтанов ҚР Статистика агенттігінің төрағасы, Қаржы вице-министрі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі қызметтерін атқарды.

Сондай-ақ Президенттің көмекшісі, ҚР Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары, Премьер-Министрдің орынбасары болды.

Еске салсақ, 15 тамыз күні Мемлекет басшысының Жарлығымен Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі лауазымынан босатылған болатын.