$ 520.48  574.61  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жаңа салынған пәтер бағасы қай өңірлерде айрықша қымбаттады

Республика бойынша қолданыстағы пәтерлердің қайта сату бағасы 25,9% өскен

 

Жаңа салынған пәтер бағасы қай өңірлерде айрықша қымбаттады
Фото: ашық дереккөзден

Бір жылда (2022 жылғы қыркүйек 2021 жылғы қыркүйекке) қолданыстағы пәтерлерді қайта сату бағасы 25,9%, жаңа тұрғын үйлердікі 17,7% өскен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өңірлік бөліністе жаңа салынған үйлердің бағасы жылдық мәнде Ақтөбе қаласында – 32,5%, Қостанайда – 27%, Астанада – 26,6%, Өскеменде – 25,3%, Көкшетауда – 20,3% және Ақтауда 19,3% қымбаттады. Дәл осы нарықтағы бағаның болмашы өсімі Павлодарда (0,9%) және Талдықорғанда (1,8%)  тіркелді.

«Қолданыстағы пәтерлерді қайта сату нарығындағы баға өсімінің тізімін Қызылорда (45%), Ақтөбе  (44,3%), Өскемен (40,4%), Талдықорған (38,8%), Ақтау және Астана қалалары (38,4%) бастап тұр. Ал бағаның ең аз өсімі Түркістан (12,2%) мен Атырау қаласына (13,3%) тиесілі», - делінген хабарламада.

Бір айдың ішінде (2022 жылғы  қыркүйек пен тамызды салыстырғанда) пәтерлерді қайтара сату бағасы 1,1%-ға өсті, тамыздағы көрсеткіш 0,4% мөлшерінде болған. Жаңа тұрғын үйлерді сату бағасы тамызда 0,1%-ға арзандауды көрсетсе, осы жолы баға бір айдың ішінде 0,3% өсті.

Серіктес жаңалықтары