$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда ұрлық пен алаяқтық қылмыстары көбейді – Бас прокуратура

Елімізде қаржы пирамидаларын құруға қатысты қылмыстар саны 45%-ға азайған

Қазақстанда ұрлық пен алаяқтық қылмыстары көбейді – Бас прокуратура
Фото: gov.kz

Қазақстанда қылмыс саны артып барады. Бұл туралы Бас прокуратура өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қадағалау органы еліміз бойынша криминогендік жағдайдың тұрақты екенін, қылмыстың 1,8%-ға (125180-ден 127480-ге дейін) елеусіз өсуі байқалатынын атап өтті.

«Қылмыстардың басым бөлігін құрайтын ұрлық (9,2%-ға 43195-тен 47163-ке дейін) және алаяқтық (4,6%-ға 31925-тен 33387-ге дейін) істер саны көбейіп барады. Бұл ретте тонау (1,4%-ға, 1941-ден 1913-ке дейін), қарақшылық (24%-ға, 174-тен 133-ке дейін) және бұзақылық (9,3%-ға, 2025-тен 1836-ға дейін) сияқты пайдакүнемдік-зорлық-зомбылық қылмыстары азайды», - деді Бас прокурордың бірінші орынбасары Тимур Тәшімбаев.

Құзырлы орган өкілі балалардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстар 21,3%-ға, 792-ден 623-ке дейін) және жалпы отбасылық-тұрмыстық саладағы қылмыстар (7,2%-ға, 727-ден 675-ке дейін) едәуір азайған.

«Өткен жылдың осы кезге сәйкес кезеңімен салыстырғанда қаржы пирамидаларын құру және басқару туралы істерді тіркеу 45%-ға, интернет-алаяқтық 5%-ға қысқарды. Осыған байланысты интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бірлескен іс-шаралар кешенін одан әрі іске асыру мәселелері, ауыстырылатын абоненттік нөмірлерді пайдалана отырып жасалатын телефон қосылымдарын бұғаттаудың техникалық және заңнамалық аспектілері талқыланды», - деп атап өтті Т. Тәшенбаев.

Уәкілетті құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарға ұлтаралық алауыздықты қоздыруға бағытталған іс-қимылдардың жолын кесу тапсырылды.

Сонымен қатар, прокуратураның қолдауымен «Заң керуені» акциясы іске қосылады.

Акцияның мақсаты – заңдарды түсіндіру, жергілікті жерде халыққа жедел құқықтық көмек көрсету, азаматтардың құқықтық мәдениеті мен қорғалу деңгейін арттыру, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті нығайтуда азаматтық қоғам мен құқық қорғау және мемлекеттік органдардың күш-жігерін біріктіру.

Серіктес жаңалықтары