Анджелина Джоли бұрынғы күйеуі Брэд Питті тұрмыстық зорлық жасады деп айыптады
ФБР ұшақтағы оқиғаны зерттеп үлгерді
Американдық актриса Анджелина Джоли бұрынғы күйеуі актер Брэд Питті тұрмыстық зорлық-зомбылық жасады деп айыптап, сотқа берді.
Құжаттарға сәйкес, бұл 2016 жылдың қыркүйегіндегі оқиға туралып болып отыр. Ол кезде жұлдызды жұп балаларымен бірге Франциядан Лос-Анджелеске жеке ұшақпен ұшқан.
Актрисаның айтуынша, жанжал кезінде Питт балалардың біреуінің бетінен ұрып, екіншісін тамағынан ұстап, актрисаның өзін дәретхана бөлмесіне сүйреп апарып, басын ұстап, шайқай бастаған.
Актердің өзі бұл айыптауларды жоққа шығарады.
ФБР ұшақтағы оқиғаны зерттеп үлгерді. Нәтиже бойынша, тергеушілер Питтке қарсы айып тағуға шешім қабылдады.
Содан кейін Джоли ажырасуға арыз берді. Барлығы 2016 жылдың қыркүйегінде басталған. Алайда, содан кейін актриса ұшақ бортындағы оқиға туралы үнсіз қалды, ажырасудың себебі күйеуімен келіспеушіліктер деп атады, бірақ егжей-тегжейлі түсіндірмеді.