Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады
Түнде республика бойынша үсік жүреді
Синоптиктер 4 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Қазақстанның басым бөлігіне солтүстік антициклон ықпал ететіндіктен, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Тек еліміздің батысы, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен жаңбыр, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) жауады. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейіп, шығыста, оңтүстік-шығыста тұман, батыста, оңтүстікте шаңды дауыл болуы мүмкін», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Түркістан, Қызылорда облыстарының солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік сақталады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында 1-3 градус үсік жүруі мүмкін.