$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Синоптиктер алдағы үш күнде ауа райы жылы болатынын айтты

Ауа температурасы түнде салқын болғанымен, күндізгі сағаттарда жылы болады

Синоптиктер алдағы үш күнде ауа райы жылы болатынын айтты
Фото: ашық дереккөзден

Алдағы күндері антициклон әсерінен және Орталық Азиядан жылы ауа массасының келуіне байланысты елімізде ауа райы жылы болады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«қазгидромет» РМК мәліметінше, республиканың батыс өңіріндегі жекелеген аудандар мен оңтүстіктегі таулы аймақтарда жаңбыр мен жылбысқы қар түрінде жауын-шашын жауады.

 Жалпы, еліміз бойынша негізінен құрғақ және шуақты ауа райы болады. Ауа температурасы түнде салқын болғанымен, күндізгі сағаттарда жылы болады.

«Солтүстікте термометрлердің бағаналары күндіз 8-13-тен 15-20 градус жылыға дейін, оңтүстік өңірлерде 15-20-дан 20-25 градус жылыға дейін көтеріледі, елдің батысы мен оңтүстік-шығысында ауа температурасы 15-23 градус, шығысында және Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында 5-13 градус жылы болады», - дейді синоптиктер.

Серіктес жаңалықтары