02.10.2022, 12:38
Жаңалықтар
Қазақстандық үш боксшы Польшадағы сайыста жеңіске жетті
Ол грузиялық Яго Кизириямен жұдырықтасты
sports.kz
Қазақстандық боксшылар Бекзат Нұрдәулетов, Бекман Сойлыбаев және Мейірім Нұрсұлтанов Люблинде өткен бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Sports.kz.
Бірінші болып рингке Бекзат Нұрдәулетов (6-0, 2 КО) шықты. Ол грузиялық Яго Кизириямен (6-9, 4 КО) сегіз раунд жұдырықтасып, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.
Бұған дейін хабарланғандай, қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов WBO титулын қорғаған болатын. Бекман Сойлыбаев мансабындағы он бесінші жеңісіне қол жеткізіп, WBA екінші белбеуін иеленді. Үш қазақстандық боксшы Польшада WBA және WBO титулы үшін жұдырықтасады.
Көп оқылған
03.11.2026, 09:00
Ақ халатты жандарға жұдырық ала жүгірген: Қазақстанда дәрігерді ұрғандар қанша жылға сотталды
03.11.2026, 17:36
Ақтөбеде неке қию залына келген әйел адамды бұрын бірге тұрған серігі өлтіріп кетті
03.11.2026, 14:33
«Мен сіздерді ақша жинауға мәжбүрледім бе?»: Алматы облысында жолға жауаптылар тағы да «футбол» ойнап жүр (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды