Францияда жалақы мен зейнетақыны көтеруді талап еткендер наразылыққа шықты
Париж шеруіне бірнеше мың адам қатысты
"Жалақы, ең төменгі әлеуметтік төлемдер, жәрдемақылар мен зейнетақыларды шұғыл арттыруды талап етеміз!" Осындай ұрандармен француздар ірі қалалардың көшелеріне шықты.
Париж шеруіне бірнеше мың адам қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, наразылық білдірушілер қатары 40 мың адамға жетті. Колоннада Француз коммунистерінің жетекшісіде бой көрсетті.
Тұрғындар бұл мәселені референдумға шығарғысы келеді. Француздар келісетін зейнетақы реформасы бойынша референдум ұйымдастыру қажеттігін алға тартты.
Сол күні Премьер-Министр Элизабет Борн үкімет қыс мезгіліне дейін зейнетақы реформасы туралы заң жобасын қабылдау үшін консультациялардың жаңа кезеңін өткізетінін мәлімдеді. Министрлер Кабинеті зейнеткерлік жасты 65 жасқа дейін көтеру мәселесін кейінге қалдырмақ.
Өз кезегінде президент Эммануэль Макрон егер Парламент зейнетақы реформасын қабылдаған кезде Үкіметке қарсылық білдірсе, ол Ұлттық Ассамблеяның таратылуын жоққа шығармайтынын айтты.