Ақтауда 9 жыл бойы ағалары зорлаған жасөспірім өз-өзіне қол жұмсады
Ал күдіктілер дәлелдің жоқтығынан бостандықта жүр
Ақтауда жылдар бойы ағалары зорлап келген жасөспірім қыз өз-өзіне қол жұмсады. Бұл туралы қоғамдық белсенді Жанна Ким мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Elitar.kz порталына сілтеме жасап.
Жанна Кимнің айтуынша, қыз жетім болған, екі жасынан бастап екі тәтесімен және олардың отбасыларымен бірге әжесінің қолында өсіп, тәрбиеленген.
"Менің 1 маусымдағы жазбам естеріңізде ме? Мен балаларды қорғау туралы жаздым. Екі жасында жетім қалған, әжесімен, екі тәтесімен және олардың отбасыларымен бірге тұрған қыз туралы. Жеті жасынан бастап оны екі ағасы зорлай бастаған. Және тоғыз жыл қатарынан зорлаған. Мұндай қорлыққа шыдай алмаған қыз өз тамырын кеседі. Ол психикалық ауруханаға түсіп, дәрігерлерге жағдайды айтқан. Ал дәрігерлер полиция шақырып, қылмыстық іс қозғады. Жасөспірім қыз балалар үйіне жіберілді, ал зорлаушылар сотқа дейін қамауға алынды. Содан кейін мен қызға патронаттық үй іздедім. Таптым. Бірақ біз үлгермедік...", - деді Ким.
Белсендінің сөзінше, тамыз айында ер адамдар бостандыққа шықты. Сот дәлелдердің жоқтығынан қылмыстық істі жауып тастады.
"Сол кезде біз – қоғам белсенділері мен балалар омбудсмені қызды Алматыға ауыстыруды талап ете бастадық. Мұнда ол үшін қауіпсіз болар еді. Бірақ шенеуніктер қарсылық көрсетті. Ондай жағдайда қыздың өз қаласындағы тұрғын үй кезегінен алынып тасталатынын айтты", - дейді Ким сұхбатында.
Сонымен қатар, белсенді Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинның Бас прокуратураға арыз жазғысы келетінін және қыздың өз-өзіне қол жұмсауына кінәлілерді жауапқа тартуды талап ететінін атап өтті.