30.09.2022, 21:47
Жаңалықтар
Атырауда көліктен 20 млн теңге ұрлаған күдікті ұсталды
фото: police.atyrau/ instagram
Атырауда көліктен 20 млн теңге ұрлаған 23 жастағы жігіт ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Ақтөбе-Атырау-Астрахань» тас жолында тұрған «DAF» маркалы ауыр жүк көлігі ішінен 20 445 000 теңге салынған сөмке ұрланған.
«Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Атырау қалалық полиция басқармасының Жедел басқару орталығының мамандары күдікті көлікті анықтап, Мақат ауданының полиция қызметкерлеріне хабарлады», - деп көрсетті Атырау облыстық полиция департаменті.
Аталған дерек бойынша Мақат ауданының Полиция бөлімі ҚК 188-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Өзге ақпарат ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді