$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан Абай облысы арқылы Қытайға баратын теміржол желісін салады

Президент бұл теміржолды міндетті түрде салуымыз керек екенін баса айтты

Қазақстан Абай облысы арқылы Қытайға баратын теміржол желісін салады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшыс Абай облысының жұртшылығымен кездесу барысында Бақты арқылы Қытайға баратын теміржол желісін салу жоспарланып отырғанын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Абай облысы тоғыз жолдың торабында тұр, Ресеймен, Қытаймен шектесіп жатыр. Осы мүмкіндікті ұтымды пайдалану үшін жолдарымыз сапалы әрі қауіпсіз болуы керек. Еліміздің көлік әлеуетін дамыту үшін Бақты арқылы Қытайға баратын теміржол желісін салуды жоспарлап отырмыз. Бұл теміржолды міндетті түрде салуымыз керек», - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ол Үкімет осы мәселемен айналысатынын айта келе, өңірде «құрғақ порт», «логистикалық парк» салып, көлік дәлізін дамыту қажет екеніне тоқталды.

«Халықаралық маңызы бар күре жол Семей арқылы өтеді. Сондықтан, ең алдымен, қаладағы екі көпірді жөндеу қажет. Биыл мұнда жаңа көпірдің құрылысы басталды. Үкімет облыс әкімдігімен бірлесіп, оны үш жылда салып бітіруге тиіс. Сондай-ақ аспалы көпірге күрделі жөндеу жүргізуді тапсырамын», - деді Президент.

Серіктес жаңалықтары