$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елімізде ерлі-зайыптылар зейнетақы жинақтарын біріктіре алады

Бұл мүмкіндікті 1 млн-ға жуық адам пайдалана алады

Елімізде ерлі-зайыптылар зейнетақы жинақтарын біріктіре алады
Фото: Экспресс К

Қазақстанда ерлі-зайыптылар зейнетақы жинақтарын біріктіре алады. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Мария Хаджиева мәлімдеді.

«Жинақтарды біріктіріп және бірлескен зейнетақы аннуитеті шартын жасай отырып, ерлі-зайыптылардың әрқайсысы өмір бойы төлемдер ала алады. Бірлескен зейнетақы аннуитеттерін енгізу азаматтардың жинақ бастамаларын арттыруға және зейнеткерлікке шыққан кезде оларға қосымша жинақтарды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл опцияны 1 млн-ға жуық адам пайдалана алады», - деді М.Хаджиева. 

Айта кетейік, дамыған елдерде зейнетақы аннуитеті шарттары зейнетақы жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Скандинавия елдерінде (Дания, Швеция, Норвегия) бірлескен аннуитеттер ерікті өнімдер болып табылады, ал Латын Америкасы елдерінде (Чили, Мексика, Аргентина) бірлескен аннуитеттер міндетті сипатқа ие.

Серіктес жаңалықтары