Сөзді азайтып, нақты іспен айналысу керек – Тоқаев қыс келсе түтінге оранатын Нұр-Сұлтан жайлы

Бүгін Нұр-Сұлтанда елорданы одан ары дамыту мәселесі бойынша жиын өтіп жатыр

Сөзді азайтып, нақты іспен айналысу керек – Тоқаев қыс келсе түтінге оранатын Нұр-Сұлтан жайлы
Фото: tengrinews.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтанда өткен қаланы одан ары дамыту мәселелері жөніндегі мәжілісте қатысып, қаланы газбен жабдықтау мәселесіне тоқталды.

«Ең алдымен газбен қамту мәселесін ойлануымыз керек. Қыста қала аспанын түтін торлайды. Қала тұрғындарының алдында да, дипломатиялық копустың да, осы қалада тұрып жатқан шетелдіктердің алдында да ыңғайсыз. Оған қоса өзімізді халықаралық хаб, глобал сити, Еуразияның кіндігі, Еуразияның жүрегі деп таныстырғымыз келеді. Бәрі сөз жүзінде ғана, бұлай болмайды», - деді ҚР Президенті.

Сондай ақ, Президент нақты іспен айналысуды тапсырды.

«Сөзді азайтып, нақты іспен айналысу керек. Жоспарды қатырамыз, баяндама жасаудан алдымызға жан салмаймыз. Осындай жылтырақтардан қашу керек, нақты іс керек», - деді Мемлекет басшысы.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.