Қазақстан-Ресей шекарасынан ресейліктерді Украинадағы соғысқа алып кету мүмкіндігі бар
Шекарашылардың қолында мобилизацияға шақырылуға жататын адамдардың тізімі бар
Ресей шекарасынан Қазақстан арқылы өтуді көздейттіндердің басым бөлігі Челябі облысында байқалады, онда барлығы кезекпен өтіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy РИА Новостиге сілтеме жасап.
«Адамдар көптеп жиналған. Қазір бізде барлығы қалыпты режимде, шығу бойынша ешқандай шектеулер жоқ, барлығы шекарадан кезекпен, тәртібімен өтеді», — деді Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметі Шекара басқармасының баспасөз қызметі.
Белгілі болғандай, шекарашылардың қолында мобилизацияға шақырылуға жататын адамдардың тізімі бар.
«Егер тізімдегі адам шекараға келсе, оны шақыру қағазын беретін жақын маңдағы әскери комиссариаттың қызметкері келгенге дейін ұстайды. Оның қай қаладан келгені маңызды емес»,-деді баспасөз қызметі.