Жалпы салмағы 327,39 грамды құрайтын кептірілген марихуана тәркіленді
Таразда түрмеге есірткі жеткізбекші болған күдікті қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz.
ҚР ІІБ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімі мен Қылмыстық атқару жүйесі департаменті №58 мекемесінің қызметкерлері «Қарасора» жедел алдын алу іс-шарасын жүргізіп жатыр. Іс-шара барысында мекеменің әкімшілік аумағына 4 полиэтиленді пакетке оралған өткір иісті, өсімдік тәрізді жасыл түсті заттарды лақтырған ер адам анықталды.
«Ол 28 жастағы Тараз қаласының тұрғыны болып шықты. Ол түзеу мекемесінің әкімшілік аумағына жалпы салмағы 327,39 грамды құрайтын кептірілген марихуананы лақтырған. Бірақ тәртіп сақшыларының қырағылығының арқасында оның ойы жүзеге аспады. Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Қазір Тараз қалалық ІІБ уақытша ұстау абақтысына қамауға», - делінген хабарламада.