Мемлекет басшысы Түркістан қаласына жұмыс сапарымен барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан қаласына жұмыс сапары аясында халықаралық әуежайға барды. Бұл туралы Azattyq Ruhy БОРТ №1 Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан өңіріне жұмыс сапары аясында облыс орталығындағы халықаралық әуежайдың жұмысымен танысты.
«YDA Group» директорлар кеңесінің төрағасы Хусейн Арслан Президентке халықаралық әуежайдың жұмысы мен алдағы жоспары жөнінде баяндады», - делінген хабарламада.