Жылыту маусымы екі күн бұрын басталған болатын
Солтүстік Қазақстан облысында алғашқы қар жауды. Синоптиктердің болжамынша алдағы күндері күн райы -4 градусқа дейін төмендемек, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.
Түнде жауған қар таңға таман жаңбырға ұласты. Облыс орталығында жылыту маусымы екі күн бұрын басталған болатын. Бірінші кезекте аурухана, балабақша, мектеп сынды тағы басқа әлеуметтік нысандар қамтылуы тиіс. Алайда коммуналдық компания олардың басым көпшілігіне жылу беріп үлгерген жоқ. Ал көпқабатты үйлер екінші кезекте тұр.