Тарбағатай ұлттық паркінде сирек кездесетін аң видеоға түсіп қалды

Автор: Azattyq Rýhy

Елімізде 1976 жылдан бастап сабаншыны аулауға тыйым салынған

Тарбағатай ұлттық паркінде сабаншы бейнежазбаға түсірілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Сабаншы – аса сақ әрі жасырын тіршілік ететін жыртқыш сүтқоректі аң. Мысықтар тұқымдасына жататын жануар денесінің бір шаршы сантиметрінде 9 мыңға дейін түк өсуі мүмкін. Сондықтан олар -50°C суыққа шыдайды.

Елімізде 1976 жылдан бастап сабаншыны аулауға тыйым салынған», - делінген ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің хабарламасында.