$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ресейден қашқандар легі: Атырауда жалға берілетін баспана бағасы шарықтап кетті

РФ президентінің шешімі атыраулық такси қызметінің де құнына әсер еткен

Ресейден қашқандар легі: Атырауда жалға берілетін баспана бағасы шарықтап кетті
Коллаж: Kazakh24.info

Ресейліктердің Қазақстанға жаппай келуіне байланысты туындаған дүрлігіс таксист-тасымалдаушылар қызметтерінің құнына әсер етті. Қазақстаннан Ресейге дейінгі баға сол қалпында – бір орынға 15 мың теңге, ал Ресейден Қазақстанға келу құнына 50 мың ресей рубліне дейін сұрайды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап.

«Шекарада бір тәуліктен көп тұруға тура келеді, оның үстіне оларда шектеулер енгізіп жатыр, егер біреуін өткізбесе, оған ақшасын қайтаруға тура келеді, ал ол орын алып қояды», - дейді такси жүргізушісі бағаларын түсіндіріп.

Оның айтуынша, шекарада бірнеше тәуліктеп тұрғысы келетін көлік жүргізушілері аз. Бүгінде Ресей-Қазақстан шекарасындағы кезекті ескерсек, бірнеше күннен кейін кері қайтуға тура келетіндіктен, Астрахань бағытына бірнеше көлік қана жүреді екен.

Бағалар өткен сенбіде-ақ көтеріле бастады. Алдымен такси жүргізушілері әдеттегі 15 мыңның орнына 50 мың, кейін 90, одан соң 150 мың теңге сұраған. Енді осылай тиімдірек деп, 50 мың рубль сұрайтын болған.

«Пойыз билеттері еркін сатылымда жоқ. Мен тексеріп көрдім, шынында да, 11 қазанға дейін билеттер жоқ екен», - дейді такси жүргізушісі.

Ал «Крыша» сайтынан бұрынғы бағамен жалға берілетін пәтерлерді әлі де табуға болады, алайда қаланың шалғай ауданындағы ескілеу пәтерін тәулігіне 20 мың теңгеге жалға бергісі келетіндер де бар екен. Бірақ ұзақ мерзімді жалға беру бағасы айтарлықтай көтерілген. Орталықтан шалғай орналасқандықтан жергілікті тұрғындар онша ұнатпайтын Береке ықшамауданындағы екі бөлмелі пәтерді үй иелері енді 400 мың теңгеге жалға бермек болып отыр.

Telegram мессенджерінде Қазақстанға келгісі келетін ресейліктер баспананы қайдан табуға болады және қанша тұрады, ақшаны қалай айырбастауға болады, картаны қалай ашу керек, бұл үшін қандай құжаттар қажет, белгілі бір мамандарға арналған жұмысқа қалай тұруға болады және т.б. сұрақтарына жауап іздейтін каналдар ашылған.

Серіктес жаңалықтары