$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жаууы мүмкін

Солтүстік өңірлерде жауын-шашын соңы қарға ұласады

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жаууы мүмкін
Фото: funart.pro

Синоптиктер 27 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

«Қазақстанның басым бөлігінің ауа райын солтүстік-батыс циклоны анықтайтындықтан жаңбыр, шығысында қатты жаңбыр, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) жаууы мүмкін. Республиканың батыс аумағы жоғары қысым аймағында болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы болады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Еліміз бойынша кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, солтүстігінде тұман түседі.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. 

Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Атырау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Серіктес жаңалықтары