$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қызылорда облысында ауыл тұрғынынан тіркеуге алынбаған мылтық тәркіленді

Суық қаруды заңсыз сақтаған азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылады

Қызылорда облысында ауыл тұрғынынан тіркеуге алынбаған мылтық тәркіленді
фото: Polisia.kz

Қызылорда облысында заңсыз қару сақтаған тұрғын анықталды,  деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қызылорда облысы Арал ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері «Қару» жедел шарасы барысында Аманөткел елді мекені тұрғынының үйін тексерген. Тексеру барысында азаматтың қолындағы қаптан ІІО-да тіркеуде жоқ 2-ұңғылы 12-калибрлі аңшы мылтығы анықталып, тәркіленді.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігімен (Iшкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын, сол сияқты электрлі қаруды, үрлемелi қуаты 7,5 Джоульдан жоғары, калибрi 4,5 миллиметрден асатын пневматикалық қаруды заңсыз иеленіп алу, беру, өткiзу, сақтау, алып жүру, тасымалдау) әкімшілік хаттама рәсімделіп, тиісті шешім қабылдау үшін сотқа жолданады.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#қару-жарақ