Жетісу облысы Сарқан ауданының әкімі тағайындалды
2006 жылдың қаңтар айынан Сарқан ауданы әкімінің орынбасары болды
Жетісу облысы әкімінің өкімімен Ғалымжан Қанатұлы Маманбаев Сарқан ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ғалымжан Қанатұлы Маманбаев 1968 жылы туған, білімі жоғары. Талдықорған сыртқы заң институтын «құқықтану», Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «менеджмент» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын Сарқан ауданында Тополевка шекара ветеринариялық учаскесінде бастаған. Біршама жыл Сарқан ауданында жастар мен еріктілер қоғамында белсенділік көрсетті.
Әр жылдары аудандық әкімдікте ұйымдастыру бөлімінің аға референті, Сарқан қалалық округі әкімінің орынбасары, Алматы облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасының Сарқан ауданы бойынша бас маманының міндетін атқарушы, аудандық пошта байланыс торабы бастығының орынбасары, аудандық ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің меңгерушісі, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы лауазымдарын атқарған.
2006 жылдың қаңтар айынан Сарқан ауданы әкімінің орынбасары болды.