$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түркістан облысында бірде-бір қылмыс тіркелмеген әрі ешкім ажыраспаған ауыл бар

Бұл – Жетісай ауданындағы Мақталы ауыл әкімшілігінде орналасқан Алмалы ауылы

Түркістан облысында бірде-бір қылмыс тіркелмеген, ажырасу саны азайған ауыл бар, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Түркістан облысында жыл басынан бері бір де бір қылмыс тіркелмеген, соңғы 5 жылда ажырасу мүлдем болмаған ауыл бар. Бұл – Жетісай ауданындағы Мақталы ауыл әкімшілігінде орналасқан Алмалы ауылы.

«Соңғы 6 жылдан бері ішімдік, темекі сияқты зиянды дүниелердің дүкен сөрелерінде сатылмауы – ауылдың берекесін кіргізіп отыр. Тиісінше, осы уақыт аралығында мұнда ажырасу жайттары болмаған. Бірде-бір қылмыстық құқық бұзушылық, яғни ұрлық жайттары болмаған. Ең бастысы, бір мыңнан астам шаңырақтың тұрғындары тыныш ұйықтайды», - деп жазады Polisia.kz.

Бұл ауылдың айрандай ұйып отыруына Ілияс Жабаев, Мұхит Жұмабеков, Сапархан Қайыпов есімді учаскелік полиция инспекторларының еңбегі зор. Ауылдың қай тұрғынын әңгімеге тартсаңыз, тәртіп сақшыларының кәсіби шеберлігін, еңбекқорлығын, істеген жұмысын тізбектей жөнеледі.

Ауылдың бетке ұстар қарттарының айтуынша, полицейлер күнделікті жергілікті жұртшылықтың жағдайын біліп, үйді-үй аралап отырады. Тәртіпті қадағалап, елдің қорғаны деген атқа сай қызмет етеді.

Осындай қадағалау мен бақылаудың арқасында жастар жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстайды. Соның нәтижесінде үлкендерді сыйлап, ынтымағы жарасып отырған жайы бар.

Серіктес жаңалықтары