Қайрат Боранбаевтың қамаудағы мерзімі тағы ұзартылды

Автор: Azattyq Rýhy

Оның тергеу изоляторында болу мерзімі бірнеше рет ұзартылып келеді

Фото: ашық дереккөзден

Астанада Қайрат Боранбаевтың қамауға алу мерзімін қазан айына дейін ұзарту туралы сот шешімі қабылданды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«2022 жылғы 8 қыркүйекте Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қ.С. Боранбаевқа қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін бір айға ұзартты», - делінген қалалық сот хабарламасында.  

Еске салсақ, 17 наурызда Қайрат Боранбаев квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдікпен екі айға қамауға алынған болатын. Оның тергеу изоляторында болу мерзімі бірнеше рет ұзартылып келеді.