25.09.2022, 17:17
Жаңалықтар
Ұлттық құрама бапкерлерінің еңбекақысы өседі
Бұл туралы бүгін Щучинскте орналасқан қысқы спорт түрлері бойынша Олимпиадалық даярлау орталығында өткен жиында айтылды
фото: egov.kz
Қысқы спорт түрлері бойынша келсімшарт негізінде жұмыс істеп жатқан Ұлттық құрама бапкерлерінің еңбекақысы өседі. Бұл туралы Azattyq Ruhy Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Бас бапкер, аға бапкерлер жалақысы 2018 жылдан бері өзгеріссіз келген. Комитет аталған жағдайды ескере отырып, биылдан бастап бапкерлермен келісімшарт мерзімін ұзартып, еңбекақыларын қайта қарастырады», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ жаттықтырушыларға қосымша штат бөлу, маусымға арналған спорттық киім-кешектер, құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету мәселелері де қарастырылады.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті