Прокурорлар қыз алып қашу фактісі қай өңірде жиі кездесетінен айтты

2019 жылы республика бойынша 210 қыз алып қашу оқиғасы тіркелген, оның 102-сі Түркістан облысында 

Фото: ашық дереккөзден

2019 жылы Қазақстанда қыз алып қашу бойынша 210 факті тіркелген. Прокурорлар мұндай қылмыс қай өңірде көп болатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Түркістан облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2019 жылы республика бойынша үйлену мақсатымен 210 қыз ұрлау фактісі тіркелді. Олардың көбі Түркістан облысында - 102 оқиға. Оның ішінде Түркістан қаласында – 29, Сайрам ауданы мен Кентауда – 19, Жетісайда – 11, Мақтаарал, Төле би аудандарында 6 факті тіркелген», - деді баспасөз қызметіндегілер.

Прокурорлардың айтуынша, жастар қыз алып қашудың қылмыс екенін ескермейді. 

«Қазақстанда қыз алып қашқан адам мен оған көмектескендер Қылмыстық кодекстің 125 бабы бойынша жауапкершілікке тартылады. Бұл қылмыс жасағандарға төрттен жеті жылға дейін, ал топтасып адам ұрлағандарға жеті жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады», - делінген хабарламада.

Сұхбат
Түркиядағы қазақ журналисі шетел асқысы келетін жастарға кеңесін айтты
Нұр-Сұлтандық полиглоттың тіл үйретудегі құпиясы
«Сергек» қожайыны жоба туралы бар шындықты айтты