«Бөлініп кеткендердің арнайы ұйымдастырған кезекті әрекеті»: Кәсіпкер Көңілбай Шүкенов өзіне қатысты айыптауларға жауап берді
Компания үнемі қайырымдылықпен айналысып келеді

Кәсіпкер Көңілбай Шүкенов өзіне қатысты тараған ақпаратқа қатысты жауап берді. Оның сөзінше, компания ешкімді алдаған жоқ және кезегі келгенде салымшылар пайызсыз баспана алады. Баспана алған адамдардың саны ел көлемінде жүздеп саналады. Компания үнемі қайырымдылықпен айналысып келеді және өзгенің қаражатын алдаумен алып кету туралы жоспары жоқ.
«Ата-анасы ДЦП диагнозымен Сабина есімді қыздың арманы әкесіне көлік сыйлау болды. Арманын орындап салоннан су жаңа Nexia автокөлігін сыйлады. Оған біз қолдау көрсеттік. Сол бізді сынаған «Астарлы ақиқат» бағдарламасына жағдайын айтып келген Айсана есімді келіншектің мұң-мұқтажын тыңдап «қыз жасауын» сыйладық. Жетімдер үйінен шыққан балаларға қаржылай көмектесіп, тіпті баспана да алып бердік», - деді Көңілбай Шүкенов.
Қазіргі уақытта Ақмола облысының Аршалы ауданында көп балалы отбасыға арналған арнайы қалашық салынып жатыр. Кәсіпкердің сөзінше, олардың үшеуі үлгілі және көп балалы жанұяларға табыс етілген.
«Кәсіпкерлердің көмегіне жүгіне отырып Назерке, Айдана есімді қыздарға баспана сыйланды. Қоғамнан көмек сұраған қызға автокөлік алып беріп, 3 айлық баспанасының ақшасын төлеп бергенбіз. «Бақытты Отбасы» жобасы аясында бірнеше көпбалалы отбасыға 2 қабатты зәулім үй тегін берілді. Халықтық жобалар арқылы халықтың әлеуметтік жағдайын көтеріп келеді. «Қамқор ана» науқанын жариялап, асыраушысынан айырылған 7 анаға «Amanat Drive» арқылы кіру жарнасынан төлеп бердік. Жалпы алғанда «Асыл Адам» қоғамдық қайырымдылық қоры арқылы 50-ге жуық отбасыға тегін баспана сыйлаған. Сондықтан менің өзіме қарата айтылған ақпараттар бізден бөлініп кеткен адамдардың арнайы ұйымдастырған кезекті әрекеті және бұндай жағдай үнемі жарияланып тұрады. Реніші бар адамдарды әрқашанда тыңдауға дайынбыз», - деді кәсіпкердің көмекшісі Нұргүл Бірімжанова.