Ақтөбеде қоғамдық орындарда әжетхана жоқ
Мамандар бұл мәселені шешу тек келер жылы ғана қолға алынатынын айтады
Ақтөбеде қоғамдық орындарда әжетхана жоқ. Ильгиям Папашев бос уақытын балаларына арнап, таза ауада өткізгенді жақсы көреді, Сондықтан, қаладағы саябақтарда жиі серуендейді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.
Алайда оларды дәрет қысса, үйге қайтудан басқа амал жоқ. Себебі, демалыс орындары мүлде әжетханамен қамтылмаған.
Қоғамдық орындарда әжетхананың жоқтығы бала түгілі ересектерге де белгілі. Сондықтан, бұл мәселеге жауапты мекемелердің көңіл бөлгенін қалайды.
Көшенің қақ ортасында болмаса да, қалтарыстың бірінде әжетхана болу керек.
Анықталғандай, қаланың әр жерін әжетханамен қамту ісі соңғы жылдары мүлде тоқтаған. Бұны тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің мамандары да мойындап отыр. Соңғы рет 2018 жылы бюджеттің 9 млн теңгесінен астам қаржыға 4 дәретхана орнатылған. Алайда, қазір оның тек орталық саябақта қойылғаны ғана жұмыс істеп тұр. Қалған үшеуі әлдеқашан істен шыққан. Қайта қалыпқа келтіру үшін енді 500 мың теңге көлемінде қаражат керек.
«Қаржы бөлінуіне қарай біздер жөндеу жұмыстарын жүргізетін боламыз. Және де біздің атымыздан бюджеттік өтінім жолданатын болады жаңадан қоғамдық орындарға дәретханалар салуға. Тағы да он дәретхана салуды қажет етеді қала аумағында», - деді қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Әділбек Ахмет.
Мамандар бұл мәселені шешу тек келер жылы ғана қолға алынатынын айтады.