Ресейде ішінара мобилизациялау жарияланды: Путин жарлыққа қол қойды

Автор: Azattyq Rýhy

Жарлықта мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау бойынша қосымша шаралар қарастырылғанын айтты

Фото ашық дереккөзден

Ресей президенті Владимир Путин Ресейде ішінара жұмылдыру туралы мәлімдеп, тиісті жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Президент бұл шешімді елдің алдында тұрған «қауіп-қатерлерге толық сәйкес келеді» деп атады. Жұмылдыру Ресейдің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғау, халықтың және «босатылған аумақтардағы адамдардың» қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет, деп түсіндірді ол.

«Әскери қызметке шақыруға тек резервте тұрған азаматтар, ең алдымен Қарулы Күштер қатарында қызмет еткен, белгілі бір әскери есепке алу мамандықтары мен тиісті тәжірибесі бар азаматтар ғана ие болады», - деп атап өтті Путин.

Бөлімге жіберілмес бұрын қызметке шақырылғандар міндетті түрде «арнайы әскери операцияның тәжірибесін ескере отырып» қосымша әскери даярлықтан өтеді. Жұмылдыру аясында шақырылған азаматтар келісімшарт жасаушылардың мәртебесін, төлемдері мен әлеуметтік кепілдіктерін алады, деп уәде берді президент.

Ол жұмылдыру туралы Жарлықта мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау бойынша қосымша шаралар қарастырылғанын айтты.

«Қорғаныс өнеркәсібі кешені кәсіпорындарының басшылары қару-жарақ пен әскери техниканы шығаруды ұлғайту, қосымша өндірістік қуаттарды орналастыру бойынша міндеттерді шешуге тікелей жауапты», - деді Ресей басшысы.

Жұмылдыру шаралары 21 қыркүйек күні, сәрсенбіде басталады. Путин аймақ басшыларына «әскери комиссариаттардың жұмысына барлық көмек көрсетуді» тапсырды.

Қол қойылған Жарлық туралы ресми хаттар Федерация Кеңесі мен Мемлекеттік Думаға жіберіледі.