Ол 2014 жылғы Азиаданың үш дүркін чемпионы және 2015 жылғы универсиада жеңімпазы
Рио-де-Жанейрода өткен 2016 жылғы Олимпиада ойындарының қазақстандық чемпионы Дмитрий Баландин кәсіби мансабын аяқтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Sports.kz сайтына сілтеме жасай отырып.
ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің хабарлауынша, 27 жастағы 200 метр қашықтықта брасспен жүзуден Олимпиада чемпионы кәсіби мансабын аяқтауға шешім қабылдаған.
Дмитрий Баландин Кореяның Инчхон қаласында өткен Азиада-2014-тің үш дүркін чемпионы және Кванджу қаласында өткен Универсиада-2015-тің жеңімпазы.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың қыркүйегінде қазақстандық жүзуші шаңырақ көтерген болатын.