$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Өскеменде тұман сейілер емес

Қаланың кей аудандарында ауадағы күкірт диоксидінің мөлшері шамадан тыс көбейіп кеткен

Өскеменде тұман сейілер емес
Фото ашық дереккөзден

Өскеменде тұман сейілер емес. Күрделі метеорологиялық жағдайды экологтар желдің жоқтығымен байланыстырады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

 Сондықтан тұрғындарға далада ұзақ жүрмеуге кеңес беріп отыр. Облыстық экология департаментінің мәлімдеуінше, шаһардың кей аудандарында ауадағы күкірт диоксидінің мөлшері шамадан тыс көбейіп кеткен. Осыған орай, қазір жергілікті кәсіпорындар өндірістік қуатын 20 процентке азайтты. Ал жекелеген металлургиялық зауыттар жұмысын уақытша тоқтатқан. Қазір табиғат жанашырлары өнеркәсіп алаңдарын тәулік бойы күзетіп, қоршаған ортаға таралып жатқан зиянды заттар концентарциясын анықтап жатыр.

 «ПДК-дан асу фактілері бізде қысқа мерзімде болған. Былай айтқанда 40 минут, 20 минут төңірегінде болған ауытқулар. Қалған күндері өзінің шекті концентрациясынан аспаған. Неше түрлі себеп болуы мүмкін. Біріншіден ол осы өндірістік аумақтан желмен ластаушы заттардың келуі сол бақылау пунктіне немесе сол бақылау пунктінің маңында автокөліктердің жұмысының нәтижесінде болуы мүмкін», - дейді ШҚО бас экология инспекторы Рауан Тұраров.

Серіктес жаңалықтары