Өңірдегі 179 мектептен санитарлық-эпидемиологиялық тәртіп бұзушылық анықталған
Қостанай облысында санитарлық талаптарды бұзған мектептерге 23,5 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Комитеттің мәліметінше, мамандар 276 мектепті тексеріп шыққан. Сол кезде әрбір екінші нысанда, жалпы, 179 мектепте санитарлық-эпидемиологиялық тәртіп бұзушылық анықталды.
"Санитарлық талаптарды бұзу бойынша 23,5 миллион теңгеден астам сомаға 200 айыппұл салынды, сот органдарына 9 материал жолданды, соның ішінде 9 шешім қабылданды. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнаманы бұзу бойынша 169 ұйғарым берілді. Медициналық қарап-тексеруден өту үшін 41 адам уақытша жұмыстан шеттетілді", - дейді мамандар.