Алматы тауларынан екі күн бұрын жоғалып кеткен бойжеткеннің денесі табылды

Автор: Azattyq Rýhy

19 жастағы қыздың достары оны алдымен зорлап, содан соң өлтіріп, денесін өзенге лақтырып жіберген

Фото: ашық дереккөзден

Алматы тауларының ішінен екі күн бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен 19 жастағы бойжеткеннің денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қалалық полиция департаентінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, 18 қыркүйекте Әуезов аудандық Полиция басқармасына қарасты полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан 1988 жылы туған әпкесі В.В. Солдатованың жоғалып кеткені туралы арыз түскенін хабарлайды.

«Арызданушының айтуынша, 17 қыркүйекте сағат 10:00 шамасында В.В. Солдатова үйден шығып кетіп, қайта оралмаған. Сонымен қатар арызданушының айтуынша, әпкесі өзінің жігітіне тауға баратынын айтқан, сәлден соң жігітке өзін өрмекші шағып алғаны туралы жазған.

Іздестіру іс-шаралары барысында таулы аймақтағы өзен бойынан В.В. Солдатованың денесі табылды. Мәйітте зорлық-зомбылық белгілері жоқ», - делінген ПД хабарламасында.

Өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу барысы Ішкі істер министрлігі мен Алматы қалалық Полиция департаменті басшылығының бақылауына алынған.

Сонымен қатар Алматы полициясы жалған ақпарат таратпауға шақырады және ҚР ҚК-нің 274-бабына сәйкес жауапкершілік туралы ескертеді.

Айта кетерлігі, аталған жайтқа қатысты Facebook желісінде жарияланған жазбаға сенсек, қызды әлдекімдер алдымен зорлап, артынша өлтіріп, денесін өзенге лақтырып жіберген. 

«Вика жақында түзеліп, дұрыс жолға түскен еді. Ол көп адамға көмектескен болатын. Оның мейірімді, қамқор, жанашыр болуға енді ғана мүмкіндігі туған еді. Ол бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен болатын. Алайда достары оны екі күн бойы іздеп, алдымен заттарын, артынша, бүгін түнде, денесін тапты», - деп жазады блогер А. Гордеев.

Оның айтуынша, бойжеткен бұрын есірткі қолданғандықтан оны іздеу жұмысы кешіктірілген деген болжамдар болған. Алайда «полиция қызметкерлерін кінәлай бермей, қылмыстың тезірек ашылуын тілейік» дейді ол.