19.09.2022, 16:52
Жаңалықтар
Бүгін – Қырғызстанда қаралы күн
Тәжікстанмен шекарадағы қарулы қақтығыстан соң ел билігі осындай шешім қабылдады
Фото: ашық дереккөзден
Бүгін Қырғызстанда қаралы күн, деп хабарлайды Azattyq Ruhy «Хабар24»-ке сілтеме жасап.
Еске сала кетейік, қыркүйектің 14-і күні екі ел арасындағы шекарада жағдай шиеленісіп, 16-сы күні қарулы қақтығысқа ұласты. Тәжікстан күштері бірнеше ауылға басып кіріп, Баткен қаласын зымырандармен атқылаған. Екі тарап атысты тоқтату туралы келісімге келгенмен, сенбі күні тәжік әскері қырғыз мекенін тағы атқылайды. Қазір екі ел шекарасындағы жағдай тұрақталды.
Ал соңғы ақпарға қарағанда қақтығыстан қаза тапқандардың саны артып, 94-ке жеткен. Тағы 150-ден аса кісі жарақат алған. Қырғызстанда әскери қимылдар жүргізілген мекендерден 137 мың тұрғын эвакуацияланды.
Көп оқылған
10.08.2026, 09:59
Біреуді сотқа беремін деп, өзі кінәлі болып шықты: елордада ерекше сот ісі қаралды
10.08.2026, 16:08
Қазақстандық пауэрлифтер Гузаль Ергешева Англияда қайтыс болды
11.08.2026, 10:40
«Кінәсіз»: Қаскелеңде күйеуін пышақтап өлтірген жүкті әйел сот залында босап шықты
10.08.2026, 07:27
+41°C-қа дейін ыстық: 10 тамызға арналған ауа райы болжамы