Аманқарағай ауылында өрттен зардап шеккен балаларға 25 ноутбук табысталды

Azattyq Rýhy

Қайырымдылық шарасы AMANAT партиясының «Бақытты отбасы» партиялық жобасын іске асыру аясында орындалды

Аманқарағай ауылында өрттен зардап шеккен балаларға 25 ноутбук табысталды

«AMANAT»  париясының Қостанай облыстық филиалы DAMU Logistics республикалық компаниясының қолдауымен Аманқарағай ауылында өрттен зардап шеккен отбасылардың мектепте оқитын балаларына 25 ноутбук табыстады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алматы қаласынан келген компания өкілі Алмат Уәли табиғи апаттан зардап шеккен отбасыларға жылы лебізін білдірді.

«Біз осы өңірде болған жағдайды естіп қабырғамыз қайысты. Басқа түскен бұл қиындықты бірге жеңуге көмектесуге әрдайым дайынбыз», - деді ол.

Демеушілік AMANAT партиясының «Бақытты отбасы» партиялық жобасын іске асыру аясында орындалды. Аудандық білім бөлімінің басшысы Досбол Құсаиновтың айтуынша,  тілсіз жаудан 100-ден аса отбасы зардап шексе, оның 45-і – мектеп оқушысы. 

Қазіргі уақытта зардап шеккен отбасылардың жағдайы қалыпқа келтіріліп, балалар  білім алуларын жалғастырып жатыр.

«Мектеп оқушылары үшін ноутбук сыйға алу – үлкен қуаныш.  Әсіресе, қолда бар дүниелерінен бір сәтте айырылып қалған біздің жерлестер үшін  үлкен қолдау болып отыр. Балалардың сапалы білім алуы өте маңызды. Өз атымнан компания өкілдеріне алғысымды білдіремін», - деді облыстық мәлихаттың депутаты Альмира Жансүгірова.

Барша әулиекөлдіктің атынан қолдау білдіріп, көмек қолын созып жатқан қайырымды жандарға «AMANAT» партиясының Қостанай облыстық филиалының атқарушы хатшысы Бибігүл Аққожина да өз ризашылығын білдірді.

Айта кету керек, партияның облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Баланы мектепке дайындайық» республикалық қайырымдылық акциясы аясында 2 мыңнан астам бала мектеп құралдарымен қамтылды.

Жыл сайынғы акция аясында түрлі қайырымдылық және мерекелік іс – шаралар өткізілді. Оның барысында мектепке дайындыққа, демеушілілердің қолдауымен  халықтың әлеуметтік осал санаттарындағы балаларға арналған мектепке керек-жарақтарын сатып алуға атаулы қолдау көрсетілді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.