ТМРК монополист-субъектілердің есептеріне талдау жұмысын жалғастырып жатыр
ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті еліміздің бірқатар өңірінде коммуналдық қызметтерге тарифтердің төмендегені туралы мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Тамызда табиғи монополиялар субъектілерінің 2020-2021 жылдарға тарифтік сметаны және инвестициялық бағдарламаны орындау туралы есептерін қарау нәтижелері бойынша еліміздің бірқатар өңірінде коммуналдық қызметтерге тарифтердің жалпы сомасы 9,05 млрд теңгеге төмендеді», - делінген комитет хабарламасында.
Бүгінгі күні ТМС-ның 2021 жылғы есептеріне талдау жүргізу шеңберінде 12 өңірде, атап айтқанда Алматы, Шымкент қалаларында, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Павлодар, Қызылорда облыстары бойынша мынадай салаларда: сумен жабдықтау – 162 млн тг, жылумен жабдықтау – 379 млн тг, су бұру – 22 млн тг, электр энергиясын беру – 37 млн тг, тауарлық газды тасымалдау – 9 млн тг жалпы сомасы 609 млн теңгеге тарифтер қосымша төмендетілді.
«Соның нәтижесінде, қазіргі уақытта бекітілген УӨТ жалпы сомасы (бұрын аталған сомаларды ескере отырып) 9,66 млрд теңгені құрайды. ТМРК монополист-субъектілердің есептеріне талдау жұмыстарын жалғастыруда, нәтижелері қосымша хабарланатын болады», - делінген хабарламада.