$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда көмірді шекарадан шығаруға шектеу енгізілді

Осылайша, қатты отынды көршілес мемлекеттерде қайта сату әрекетінің жолы кесілмек

Қазақстанда көмірді шекарадан шығаруға шектеу енгізілді
Фото: Bloomberg

Қазақстанда көмірді автокөлікпен шекарадан шығаруға уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Көмірді елден тыс жерлерге автокөлікпен шығаруға тыйым салу туралы 14.09.2022 жылғы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің № 514 бұйрығы шықты», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Уақытша шектеу тұрғындар мен коммуналдық және әлеуметтік нысандарға арналған көмірдің шекаралас өңірлерге автокөлікпен тасымалданып, қатты отынды көршілес мемлекеттерде қайта сату үшін шығарылған фактілердің анықталуына байланысты енгізіліп отыр.

«Министрліктің бұл шешімі жергілікті көмір тиеу тұйықтары мен өңір әкімдіктерімен бірлесіп әзірленген. Басты мақсат – 2022-2023 жылдарындағы жылу беру маусымы кезеңінде көзделген межені орындау және елдегі көмір тапшылығын болдырмау», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары