Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтады
Өскеменде № 25 мектепте еден жуушы әйел қайтыс болды. Бұл туралы Azattyq Ruhy Аltaynews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Куәгерлердің айтуынша, ол өз-өзіне қол салған. Бұл нұсқаны бастапқыда ШҚО-ның Полиция департаменті де растаған еді. Алайда кейін оқиғаның мән-жайы анықталды.
«Іс ҚР ҚК 105-бабынан алынды, әйел гипертониямен ауырған және оның жүрегі ауырып жүрген», - деді ведомствоның баспасөз қызметінен.
Қосымша ақпарат тергеу аясында хабарланбайды.