18.09.2022, 15:23
Жаңалықтар
Маңғыстау облысында көлік түйеге соғылып, екі адам мерт болды
Сот-медициналық сараптама тағайындалды
Фото ашық дереккөзден
Жетібай-Ақтау тас жолының бойында көлік түйелерге соғылып, екі жолаушы мерт болды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Департамент мәліметінше, оқиға 16 қыркүйекте сағат 22:41 шамасында болған.
«Ваз 21154» автокөлігінің жүргізушісі Ақтау қаласынан Шетпе ауылына баратын жолда екі түйені қаққан. Тас жолдағы оқиғадан екі жолаушы көз жұмып, бес адам ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада.
Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша тіркеліп, тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды