«Сен ең үздік ұлттық чемпион болып қала бересің»: Мемлекет басшысы Геннадий Головкинге қолдау көрсетті

Автор: Azattyq Rýhy

Президент Головкиннің Қазақстанды әлемдік аренада танымал ету үшін зор үлес қосқанын атап өтті

Фото ашық дереккөзден

Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпқой бокстан екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағы үшін мексикалық Сауль "Канело" Альвареске қарсы шаршы алаңға шыққан Геннадий Головкинге телефон шалып, оған қолдау көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy БОРТ N1 телеграм-арнасына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Геннадий Головкиннің Қазақстанды әлемдік аренада танымал ету үшін зор үлес қосқанын атап өтті.

«Сен жанкүйерлер үшін әлемдегі және еліміздегі ең үздік ұлттық чемпион болдың және чемпион болып қала бересің. Біз сені мақтан тұтамыз!» - деді Президент.