Күдіктілер қолға түсті
Қостанайда 2 ер адам дүкеннен шыққан зейнеткерге шабуыл жасап, бағалы бұйымы мен сөмкесін алып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
67 жастағы зейнеткер полицияға хабарласып, белгісіз біреулер ұрып-соғып, сөмкесі мен сырғасын алып кеткеніне шағымданды.
Белгілі болғандай, дүкеннен шығып, үйіне бара жатқан зейнеткерге 2 адам шабуыл жасаған. Соққыдан құлағанда 60 мың теңге ақшасы бар сөмкені және құлағынан алтын сырғасын жұлып әкеткен.
«Оқиға орнына дереу жеткен полиция қызметкерлері бұталардың арасына жасырынып отырған 2 күдіктіні көрді. Рудный қаласының 31 және 32 жастағы тұрғындарынан ұрланған зат тәркіленді», - деп көрсетті обылстық полиция департаменті.