$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жамбыл облысындағы жарылыстар жақын маңдағы үйлерге қауіп тудыруда

Байзақтағы оқыс жағдай болған әскери қоймадағы қару қалдықтарын жою әлі жалғасып жатыр

Жамбыл облысындағы жарылыстар жақын маңдағы үйлерге қауіп тудыруда
Фото: ашық дереккөзден

Жамбыл облысының тұрғындары гүрсілдеген жарылыстан мезі болған. Өйткені оқ-дәрі жоятын полигон елдімекендерге тым жақын орналасқан. Соның кесірінен үйлердің қабырғасы қақырап, тұрғындар дүрсілдеген дауыстан әбден шаршапты. Бұл туралы Azattyq Ruhy КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жарылыстан осындай болды ғой, міне! Барлық жер кетіп жатыр. Сонша күшпен жарылады, есік - терезе дірілдейді. Не деген бітпейтін оқ дәрі?!

Байзақтағы оқыс жағдай болған әскери қоймадағы қару қалдықтарын жою әлі жалғасып жатыр. Аптасына бес күн, күніне екі мәрте дүрсіл дауысы естіледі. Бірнеше ауыл тұрғындары жарылыстың жаңғырығы қатты сезілетінін айтады. Оның екпінінен үйдің қыбырғаларына сызат түсіп, баспанамыз құлап қала ма деп қорқады. Сондықтан оқ-дәрлерді залалсыздандыратын жерді ауыстыруды немесе бұл шараны түбегейлі тоқтатуды талап етіп отыр.

Ал әскерилер жағдайды түсініп, екі жарым ай шыдай тұруын сұрап отыр. Оның үстіне тұрғындар шағымы ескеріліп, жарылыс аптасына екі мәртеге қысқартылды дейді.

Билік өкілдері ресми түрде халық тарапынан шағым түспеді дейді. Яғни бүлінген, қираған баспана жоқ.

«Үйлерді аралап қарап отырмыз. Қандай зиян тиюі мүмкін деген сияқты. Әзірге нақты мәлімет түскен жоқ. Тұрғын үй жайлары немесе басқа да құрылыс нысандарының нақты дәлелі жоқ», - деді Байзақ ауданы әкімінің орынбасары Талғат Жамалов.

Серіктес жаңалықтары