Нұрсұлтан Назарбаев елорданың бас мешітіне жұма намазға барды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы Айдос Үкібай хабарлады

Нұрсұлтан Назарбаев елорданың бас мешітінде болды, деп хабарлады Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай.

Хабарламада Елбасының жұма намазын жасағаны айтылған. Сол жерде Нұрсұлтан Назарбаев Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің құрметті қонағы "Әл-Азһар" университетінің жоғарғы имамы Ахмед ат-Тайебті қарсы алды.