Жұмысшылардың қалай қаза тапқаны туралы әзірге ақпарат жоқ
Қызылордада кәріздік насостық станцияда 2 жұмысшы уланып көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.
Төтеншеліктерге станция ішіндегі құдықта екі адамның мәйіті жатқаны туралы хабарлама түскен. Оның тереңдігі шамамен 3 метр болғанымен, суы таяз дейді құтқарушылар.
Жұмысшылардың қалай қаза тапқаны туралы әзірге ақпарат жоқ.
«Құтқарушылар арнайы құтқару аппараттарын киіп, кәріз суынан 2 азаматтың алып шығып полиция қызметкерлеріне тапсырды. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері болған жағдайды, мән-жайды анықтау үстінде”, - деді Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті жедел құтқару жасағы басшысының орынбасары Мейрамбек Доспенбетов.